361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысындағы мектептерде өлкетану пәні оқытыла бастады

  • 123
Маңғыстау облысындағы мектептерде өлкетану пәні оқытыла бастады

Жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына өлкетану пәні енгізілді.

Енді 5-6-7 сынып оқушылары туған жерінің тарихымен және тау-тасымен жақынырақ танысып, өнерін тереңірек зерттемек. Білім және ғылым министрлігі бекіткен жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес, бұл пәнге 20 сағат қарастырылған. Өлкетану сабағында музыка, география, қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы пәндері біріктіріліп оқытылады. Сабақ аясында мұражайларға, тарихи және табиғи орындарға саяхат жасау көзделіп отыр. Әр аймақтың өзіне тән төл оқулығы әзірленді. Маңғыстау оқушыларына арналған оқулықты дайындауға тарихшылар, мұражай қызметкерлері, ғалымдар мен тәжірибелі ұстаздар атсалысты. Қазір Баянды ауылындағы №3 мектепте өлкетану пәніне орай арнайы бұрыш жасақталып, «Ауылым – алтын бесігім» атты жоба іске асырыла бастады.

Күміс Тобышева, өлкетану оқулығы авторларының бірі:

– Маңғыстау өлкесінің қойнауы өлең мен жырға, ән мен сазға, шежіре мен дастанға толы. Өзіне тән табиғи көркемдігі, табиғат ерекшелігі, байлықтары бар. Осылардың бәрін оқушылардың бойына сіңіру, нәтижесінде өзінің кіші өлкесінің, кіші Отанының еліміздің дамуында алатын орнын білу, соны дамытуға үлес қосу, туған өлке жөнінде жүректерінде мақтаныш сезімін ұялату, жалпы елін, туған жерін сүйетін ұлтжанды азаматтың бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыру жүзеге асырылады.

Хабар 24 телеарнасы