352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында жол құрылысына 54 миллиард теңге бөлінген

  • 64
Павлодар облысында жол құрылысына 54 миллиард теңге бөлінген

Үстіміздегі жылы Павлодар облысында жол құрылысы 1 мың шақырымды қамтыды. Республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 54 миллиард теңге бөлінген.

Оның 12,4 миллиард теңгесі облыстық маңыздағы жолдарға қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда барлық бағыттағы жол жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Жоспарланған жол телімдері жыл аяғына дейін тапсырылуы тиіс. Мемлекет басшысының туристік әлеуеті жоғары аймақтардың жолдарын қалпына келтіру тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы Баянауыл ауданында жалпы құны 6 миллиард теңгеге түскен ұзындығы 207 шақырымдық жол жөнделіп жатыр. Ал «Орталық-Шығыс» автокөлік дәлізі бойынша Аққулы ауданының аумағында 109 шақырымдық жол салынып жатыр. Құрылысқа озық технологиялар қолданылады. Соның бірі – жолдардың қолданылу мерзімін 25 жылға дейін ұзартады. Бірақ 20 тонналық  жүк  көліктерінің әсерінен жаңа салынған жолдар үш жылға жетпей, тозығы жетіп жатқан жағдайлар бар. Сондықтан жергілікті атқарушы билік жауапты салаларға жолдың сапасымен қатар күтіміне де жауапкершілікті арттыруды қатаң тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы