369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Жоғарғы сотқа шағымданбақ

  • 70
Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Жоғарғы сотқа шағымданбақ alterainvest.ru

Ақжарқын Тұрлыбайдың қытайлық адвокаты Жоғарғы сотқа шағымдануға бел буып отыр.

Себебі Гуанчжоу соты осы іске қатысты нақты шешім шығармағанына екі жылға жуық уақыт өткен. Адвокат Қытай заңында қылмыстық істі қайта қараудың нақты мерзімі көрсетілмегенін айтады. Оның сөзінше, Ақжарқынның кінәсін дәлелдейтін бұлтартпайтын нақты дәлелдер әлі де жоқ.

Еске салайық, 20 жастағы қазақстандық студент 2014 жылы Қытай аумағында есірткі тасымалдады деген айыппен өмір бойы бас бостандығынан айырылған болатын. Кейін 2016 жылдың 7 сәуірінде апелляциялық сот бұл шешімді өзгертіп, істі Гуанчжоудың бірінші сотына жібереді. 2016 жылдың қарашасында сот істі қайта қарағанымен, нақты шешім шығаруды кейінге қалдырған.

Сяо Чжаньдэ, А.Тұрлыбайдың адвокаты:

- Мен бірнеше күннен бері Ақжарқынның ісін қайта қарап жатқан  сотпен байланыстамын. Сот маған өзі қоңырау шалды, оның сөзінше, іс әлі де қаралуда. Сондықтан таяу күндері біз Қазақстанның Бас консулымен келесі әрекетті ақылдасамыз. Мен Жоғарғы сотқа шығамын және хат жолдайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы