369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда шаһар күніне орай «Гауһар» саябағы ашылды

  • 147

Биыл Орал қаласында кәсіпкерлердің күшімен 3 саябақ салынды.

Соның бірі Еуразия даңғылы бойындағы шаһар күніне орай ашылған «Гауһар» сквері. Облыстық мәслихат депутаты Валерий Голоухов «Рухани жағыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты бойынша аталған демалыс орнының құрылысына 58 миллион теңге жұмсалғанын айтады. Бұл жерде Workout алаңымен қатар балалардың ойын жабдықтары орнатылған. Тал-теректер егіліп, айналасы абаттандырылған. Ең басты ерекшелігі – саябақтың аумағына тұтастай резеңке жабын төселген.

Әділет Мақсот, 3-сынып оқушысы:

- Жаттығу жасайды, кішкентайлар ойнайды және әлпеншектер бар. Күнде таңертең келіп, жаттығу жасаймын. Менің інім де менімен бірге ойнайды. Мына алаңды салып бергендеріңізге рахмет!

Райхан Еркеғалиева, Орал қаласының тұрғыны:

- Біздер мына мешітке қарсы үйде тұрамыз. Біздің аулада мұндай балаларға ойнайтын орын жоқ. Келіп немерелерімді ойнатып жүргеніме үш-төрт күн болды. Көптен көп рахмет айтамын, осындай орындар көбейе берсін! Өте жақсы, өте орынды жасаған нәрсе.

Хабар 24 телеарнасы