352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EGov.kz порталының жаңа дизайны дауыс беруге қолжетімді

  • 58
EGov.kz порталының жаңа дизайны дауыс беруге қолжетімді

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ eGov.kz порталының қайта жаңартылғаны туралы хабарлайды.

Алдыңғы дизайн 2012 жылы әзірленген болатын және бүгінгі күннің талаптарына сай емес.

ҚР вице-премьері А.Қ.Жұмағалиев және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Ә.Абаев тапсырмалары бойынша басты бет интерфейсі және порталдың ішкі бөлімдерінің екі нұсқасы дайындалған.

Жүйенің жаңартылуының екі нұсқасында жалпыға бірдей дауыс беру құқығы үшін ашық қолжетімділікке ие болады, ол 15 күнтізбелік күнге дейін жалғасады. Пайдаланушылар өздері қарап оқып, ұнаған нұсқаға дауыстарын бере алады.

Дауыс беру нәтижелері бойынша үздік нұсқа eGov.kz порталының соңғы нұсқасы ретінде жұмысқа қабылданады.

Дауыс беру бетіне сілтеме https://egov.kz/cms/kk/articles/redesign-voting

Хабар 24 телеарнасы