352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда өтіп жатқан жазушылар форумына әлемнің 17 елінен қаламгерлер келді

  • 128
Алматыда өтіп жатқан жазушылар форумына әлемнің 17 елінен қаламгерлер келді

Алматыда жазушылардың бірінші халықаралық форумы басталды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға Қазақ ПЕН-клубы мұрындық болған. Форумға әлемнің 17 елінен 70-ке жуық қаламгер келген. Олардың қатарында танымал ақын жазушылар, атап айтсақ, 2019 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығына үміткер Атанас Ванчев Дьо Траси секілді тұлғалар бар. Жиынға қатысушылар «ХХІ ғасыр талабы және әдебиет», «Ұлттық әдебиеттегі жаһандану» тақырыптарында пікір алмасты. «Тосын ойлар, ұтымты пікірлер әдебиетті алға жылжытады. Өзгерістен қорқудың қажеті жоқ», – дейді бүгінгі заман қаламгерлері. Форум үш күнге жалғасады.

Есенғали Раушанов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы:

– Құбылмалы заманда, көркем әдебиет өзінің таза, асқақ қалпын сақтап қалуға тиіс. Біздің әдебиетіміз өсіп келе жатыр.

Хабар 24 телеарнасы