352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жастардың 9,5 пайызы жұмыссыз отыр

  • 94
Елімізде жастардың 9,5 пайызы жұмыссыз отыр

Ел жастарының 9,5 пайызы жұмыссыз отыр.

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова осындай дерек келтірді. Оның айтуынша, мұндай көрсеткіш – білім беру жүйесіндегі олқылықтардың салдары. Көптеген оқу ордасының бағдарламасында сұранысы төмен мамандықтар бар. Сол себепті кәсіптік білім беру саласына көңіл бөлген жөн. 

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Мемлекеттік бағдарлама жергілікті жерлерде нәтижесін таппай жатқандығы жасырын емес. Мысалы, 2 мың тұрғыны бар шалғай ауылға 300 шаштаразшы мен 500 аспазшы не үшін керек? Сол үшін бағдарлама аясында бөлініп жатқан қаражат мақсатына жетуі үшін мемлекеттік бағдарлама жергілікті жердің табиғатына бейімделуі қажет. Сонда ғана бағдарлама өз нәтижесіне жететіні хақ.

Осы орайда, бүгін Мәжіліс депутаттары елордалық колледждердің бірін аралап, студенттердің оқу және тәжірибеден өту процесімен танысты. Айта кетейік, қазір елімізде 825 кәсіптік білім беру ордасы бар. Олардың 432-сі мемлекетке тиесілі.

Ғалия Куликова, политехникалық колледж директорының орынбасары:

– 2010 жылы политехникалық колледж негізінде ресурстық орталық ашылды. Осы уақыт аралығында біз құрылыс саласының бірнеше бағытын меңгерген 900 студентті оқыттық. Олардың арасында халықаралық деңгейдегі сайыстарда көш басынан көрінген жастар да бар. Қазір бізде тәжірибеден өтуге арналған 6 орталық бар.

Хабар 24 телеарнасы