369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы. Екінші кезеңде жастарға басымдық беріледі

  • 167
Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы. Екінші кезеңде жастарға басымдық беріледі

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының екінші кезеңінде жастарға басымдық берілмек.

Бұл туралы жастар ұйымдарының басшыларымен кездесу кезінде «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев хабарлады. Қазір «100есім.ел.кз» порталында қатысушылардан өтінім қабылдау басталды. Науқан қазан айының ортасына дейін жалғасады. Артынша, қазақстандықтар онлайн дауыс беру арқылы ел дамуына елеулі еңбек сіңіріп жүрген отандастарының жүздігін таңдайды.

Мақсат Мәжитов, ҚР ҚДМ Жастар және отбасы комитетінің басқарма басшысы:

– Бұл жердегі өзгеріс былтырғы жылға қарағанда, жасы 18-ге толған, әр сала бойынша өзінің жеткен жетістіктерімен мақтана алатын азаматтар қатыса алады. Ал былтырғы жылы осы азаматтар өздерін жеке тұлға ретінде ұсына алатын болса, биыл әр азаматтарды кез келген ұйым өзінің атынан ұсына алатын болады. Осындай ерекшеліктері бар.

Хабар 24 телеарнасы