369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасы жаңа маусымда 10-нан астам телехикая ұсынады

  • 179

«Хабар» арнасы жаңа маусымда патша көңіл көрерменге 10-нан астам телехикая ұсынады.

Онда қамтылған сериялардың жалпы саны 200-ден асады. Алғашқысының тұсауы бүгін кесіледі. «Тағы да сүй» романтикалық комедиясы отбасылық құндылық, достық, адал махаббат тәрізді қастерлі ұғымдарды насихаттайды. Сонымен қатар телекөрермендер «Топжарған» музыкалық шоуы мен «Junior Eurovision» балалар ән байқауын тамашалай алады.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» арнасының бас продюсері:

– «Хабар» арнасының тағы бір басымдық беретін жанры – публицистика, деректі фильмдер. Журналистік зерттеу циклынан арнайы деректі фильмнің тұсауы кесіледі. Ол да осы балалар арасындағы қатыгездікке арналады. Осылай апта сайын журналистік зерттеу циклында біз қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеретін боламыз. Ал енді тұлғатану тақырыбына келетін болсақ, бұл жерде өмірден өткен арыстарымызға арналған «Тарих. тұлға. тағдыр» атты циклмен қазақ және орыс тілінде деректі фильмдер шығып жатыр.

Сонымен қатар араға 12 жыл салып, «Миллион кімге бұйырады?» танымдық ойынының қазақ тілді нұсқасы эфирге шығады. Деректі фильмдер циклі де әзірленіп жатыр. Айта кетейік, қазақ тіліндегі отандық фильмдер сағат 19.30-да және 22.20-да көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы