361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлықтар 100-ге жуық ағашты тамырымен қопарған кәсіпкерді сотқа береді

  • 107

Павлодар қаласының қақ ортасындағы үш көп қабатты үй тұрғындары ойын-сауық орнының құрылысына тосқауыл қойды.

Еске сала кетсек, осыдан бұрын 220 отбасы жер учаскесінің өкілдері жайқалып жатқан 100-ге жуық ағашты рұқсатсыз отап, ғимаратты салуға дайындалып жатыр деп дабыл қаққан болатын. Қатты алаңдаған азаматтар арнамыздың тілшілеріне хабарласып, мәселенің мәнісін түсіндірді. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің араласуынан кейін жергілікті билік пен қадағалау органдарының мамандары тексеріс жүргізді. Нәтижесінде бірқатар олқылықтар анықталды. Кейін Павлодар қалалық прокуратурасының ұсынысымен құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Себебі кәсіпкер тұрғын үйлерге жақын маңдағы 608 шаршы метрлік жерге бильярд, кафе және әкімшілік ғимарат салмақшы болған. Кәсіпкер сонымен қатар бұл учаскеде жайқалып тұрған 100-ге жуық ағашты тамырымен бірге жұлып тастаған. Алдағы уақытта тұрғындар бизнесменді бұл әрекеті үшін жауапкершілікке тарту шараларын қолдану үшін сот органдарына шағымданбақ.

Анжелика Васильева, қала тұрғыны:

- Қуанышымызда шек жоқ! Құрылыс жұмыстары тоқтатылып, уақытша қоршаулар алынып тасталды. Күрмеулі мәселеге бейжай қарамаған «Хабар» арнасының тілшілеріне алғыс айтамыз. Ендігі мақсатымыз – қаңырап қалған жерге ағаш отырғызып, күтіп баптау.

Хабар 24 телеарнасы