359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«7-20-25». Баспаналы болуға ниеттілер көп

  • 217

Елімізде «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасының игілігін көруге ынталы азаматтар артып келеді. Бағдарлама қолға алынғалы 2255 қазақстандық ипотекалық несие алуға өтініш қалдырған. Бүгінде олардың 1500-нан астамы құпталды.  Жалпы құны 18 млрд теңге. Әсіресе, Астана, Алматы, Актау қалаларында белсенділік жоғары.

Биыл  бағдарлама аясында 100 млрд теңгені игеру жоспарланған. Келесі жылы бұл сома 150 млрд болмақ.  Статистика комитетінің дерегінше, еліміздегі жаңа үйлердің бір шаршы метрі орта есеппен алғанда 265 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,6 пайызға артық.

Хабар 24 телеарнасы