361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Соғыста наградаға ұсынылған ардагер орденін 73 жыл өткенде алды

  • 57

Араға 73 жыл салып, қостанайлық екінші дүниежүзілік соғыс ардагеріне «Қызыл жұлдыз» ордені табысталды.

1945 жылдың сәуір айында Кенигсберг қаласының түбінде болған шайқаста көрсеткен ерлігі үшін Александр Николаевич Ахрамеев наградаға ұсынылған. Алайда марапат қағазында майдангердің тегі дұрыс жазылмағандықтан, орден өз иесіне жетпеген. Тек бертін келе ардагердің немересі Ресейдің қорғаныс министрлігіне сұрау салғаннан кейін тарихи шындықтың беті ашылды. Қарт жауынгерге тиесілі «Қызыл жұлдыз» орденін Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің өкілі Андрей Грищук салтанатты түрде ардегердің кеудесіне тақты.  

Александр Ахрамеев, ҰОС ардагері:

- Шабуыл аяқталған соң, біз әрі қарай Шығыс Пруссияға қарай жылжыдық. Наградаға ұсынылғанымды естідім. Көпшіліктің алдында жарияланды. Тым қарапайымдылығымнан болар, сұрастырып, іздестірген емеспін. Міне 73 жылдан кейін немерем тауып беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы