352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте сүйегі сынғыш баланың ата-анасын алдап кеткен күдікті ұсталды

  • 92

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Сезікті Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты.

Әл-Фараби аудандық ІІБ қызметкерлері оны кеше түнде қолға түсіріпті.

Айта кеткен жөн, Орал қаласында тұратын сүйегі сынғыш баланың отбасын белгісіз біреулер Шымкентке алдап шақырып, ақшасыз қалдырып кеткен. Осы оқиғадан кейін сирек кездесетін ауруға шалдыққан баланың ата-анасы дабыл қағып, ақшадан қатты қысылып отырғанын жеткізген болатын. Мұны естіген қала тұрғындары бұл жанұяға шамалары келгенше көмек қолын созды. Қазір науқас бала жергілікті клиникалардың бірінде тексеруден өтіп, Астанаға жол тартпақшы.

Шоқан Баймұхамедов, буын аурулары орталығының бас дәрігері:

- Баланың қазіргі таңдағы жағдайы аса ауыр деуге болады.Сүйектері әлсіз. Бұл туа бітті пайда болған ауру. Мұнымен емделу ұзақ жылдарды қажет ететіні сөзсіз. Шетелде емделуге болатыны анық. Дегенмен, қаражат шығыны көп.Біз қолдан келгенше тексердік. Әрине, мен бұл аурудың маманы емеспін. Дегенмен, науқастың аяқтан тұрып кететіне сенім керек ең әуелі.

Хабар 24 телеарнасы