352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» Агенттігі мен CGTN бейнеконтент алмасу жөнінде келісімге қол қойды

  • 246

Қытайдың Сиань қаласында «Жібек жолы-2018» атты телеарналар ынтымақтастығының халықаралық форумы өтті.

Қазақстан тарапынан бұл шараға «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқармасының төрағасы Алан Әжібаев қатысты. «Жібек жолы» – 50 елдің 98 ұйымы бейнеконтент пен ақпарат алмасатын алаң. Биылғы форумның басты тақырыбы – «Жаңа дәуір, жаңа табыс пен жаңа келешек». Шара аясында «Хабар» Агенттігі және CGTN платформасы мен қауымдастықтың өзге мүшелері арасында бейнеконтент алмасу жүйесін іске қосу туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ жаңа жобалардың таныстырылымы, бұқаралық ақпарат құралдары басшыларының келіссөздері өтіп, қысқаметражды деректі фильмдер сайысының нәтижелері жарияланды.

Алан Әжібаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы:

- Ақпарат, деректі фильмдер немесе сериалдар болсын, кез келген контентпен алмасу саласындағы ынтымақтастықтың маңызы зор. Телеарна үшін ең бастысы контент болып отыр. Ал бұл алаң қажетті айырбас жасап, ақпарат пен бейнені жедел алуға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы