359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мектептер мен балабақшаларда ақша жинаудан бас тарту акциясы басталды

  • 103

Мектептерде оқушыларды ақылы түрде тестілеу – заңсыздық.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі балабақшалар мен білім беру мекемелерінің бюджеттерін ашық жариялауды талап етуде. Алдағы 2 апта ішінде осы бағытта тиісті жұмыстар қолға алынбақ. Бұл туралы Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен алқалы жиында айтылды. Енді мектеп қажеттіліктеріне ақша жинаудан бас тарту ата-ана кодексіне тіркеледі. Ал кодекс биыл қолданысқа енгізіледі деп жоспарланып отыр. Астана қаласының білім беру ұйымдарында қаржы жинау мәселелерін жою үшін #нет_побОрам хештегімен акция басталды.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Нақты шараларды айтатын болсақ, ол – директорларды жауапкершілікке тарту. Ол жаңағы сөгістен бастап жұмыстан шығару. Бірақ бұл жүйелі жұмыс емес. Жүйелі жұмыс деген осындай мәселені болғызбай, тиісті жүйе қалыптастыру. Сол бойынша нормативтік құқықтық базаны өзгерту.

Хабар 24 телеарнасы