361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әсет Исекешов елордалықтарға үндеу жолдады

  • 110
Әсет Исекешов елордалықтарға үндеу жолдады

Астана қаласының бұрынғы әкімі Әсет Исекешов елордалықтарға үндеу жолдады.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Құрметті астаналықтар, сіздердің қаланы дамыту мәселелерінде белсенділік танытып, 2 жылдан аса уақыт ішінде бірге болғандарыңызға зор алғыс білдіремін. Сіздердің үндеулеріңіз, ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз Астананы қолайлы және жарқын қала ете түсті», деп жазады Әсет Исекешов өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, кеше ол Елбасының Жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ал елорда басшысы қызметіне бүгін Бақыт Сұлтанов кірісті.

Хабар 24 телеарнасы