356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да жемқорлық дерегі бойынша істі болған қызметкерлер мектепке басшы болып орналасқан

  • 89

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында өз лауазымына сай болмай шыққан екі бірдей мектептің директоры орнынан босатылды.

Кейін анықталғанындай, аталған мектеп директорлары бұрын жемқорлық дерегі бойынша істі болған екен. Яғни бірнеше жыл бұрын әкімдік қызметте жүрген кезінде жауапқа тартылып, басшылық қызметтерінен шеттетілген. Бұл жөнінде орта білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу бойынша Білім министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетовпен болған онлайн кеңесте белгілі болды. Осындай фактілерге жол бермеу мақсатында былтырғы жылдың желтоқсан айынан бері елімізде мектеп директорларын жұмысқа қабылдаудың жаңа механизмі іске қосылды. Бұрын оларды білім беру бөлімдерінің басшылары тағайындап келген еді. Ендігі жерде директорлыққа үміткерлер мектепті дамыту бағдарламасын қорғаумен қатар қамқоршылық кеңесінің келісімін алуы тиіс. Содан кейін ғана тестілеу сынағынан өтіп, қызметке кірісуіне құқығы бар.

Болат Исақов, ҚР МҚІС және СЖҚҚА БҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Қаржыға қатысты барлық мәселелер қолжетімді әрі көрнекі түрде интернет ресурстарына жарияланатын болады. Бұл мәселе бойынша мектеп, балабақшалар секілді білім беру ұйымдарына ұсыныс жолданды. Осы арқылы ата-аналар қаржының қайда бөлінгенін және оның қаншалықты заңды түрде жиналғанын біле алады.

Хабар 24 телеарнасы