356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда ТМД жастарының форумы басталды

  • 151
Алматыда ТМД жастарының форумы басталды

Бүгін Алматыда ТМД елдерінің жастар форумы өз жұмысын бастады.

Белсенді жастар бір алаңға жиналып, 12-14 қыркүйек аралығында ауқымды іс-шара өткізгелі отыр. Жас көшбасшылар ортақ мәдениетаралық диалогты қалыптастырып, өзара қарым-қатынасты күшейтуді көздейді. ҚР қоғамдық даму министрлігі, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан форум аясында Қазақстан жастары және Ресей ынтымақтастығының күні өтеді. Іс шара шеңберінде жастар ұйымдары арасында меморандумдарға қол қойылады. Форумға келген Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Ресей федерациясы қоғамдық ұйымдарының өкілдері өзара тәжірибе алмасып, жастардың патриоттық белсенділігін арттыру жайында ой-пікірлерін ортаға салады. Алқалы жиынға сондай-ақ кәсіпкерлер, волонтерлер, мемлекеттік орган мен БАҚ өкілдері және шығармашылықпен айналысатын жастар қатысады. Сонымен қатар форум бағдарламасында интерактивті тренингтер, танымал тұлғалармен кездесу және қызықты экскурсиялар ұйымдастырылады.

Хабар 24 телеарнасы