352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында электр қуатының бағасы арзандады

  • 49
Қостанай облысында электр қуатының бағасы арзандады

Қостанай облысында қыркүйек айында электр қуатының орташа құны 1 теңге 14 тиынға төмендеді.

Яғни бір киловаттың бағасы наурызда 19 теңге 14 тиын болса, қазір 18 теңгеге дейін арзандаған. Мамандардың сөзінше, Қостанай облысындағы электр желілерінің басым бөлігі 40-50 жыл бойы ауыстырылмаған. Демек мерзімі өтіп, тозығы жеткен. Оларды жаңартып, жөндеу үшін арнайы инвестициялық бағдарлама қабылданыпты. Соңғы екі жылда осы мақсатқа 800 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Мәлік Мадияров, облыстық табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы:

– Көтерілуге жылда болатын себептердің негізгілерін айтатын болсақ, жалақының көтерілуі, жөндеуге қажет материалдардың қымбаттауы.

Хабар 24 телеарнасы