361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды-Теміртау бағытындағы жол қайта жөнделетін болды

  • 51

Қарағанды мен Теміртау арасындағы жол қайтадан жөнделетін болды.

Мамандардың зерттеуі бойынша, күре жолдың 5 шақырымы бүлінген. Енді осы аралықтағы жарылған бетон қабаты алынып, жаңасы төселмек. «Оған кететін шығынды толықтай мердігер компания өтейді», – дейді жергілікті билік өкілдері. Ал жол қабатының неліктен жарылғанын мамандар әзірге нақты айта алмай отыр. Құрылыс барысында барлық талаптар сақталған. Жуырда арнайы техника әкеліп, тексеріп, тек содан кейін ғана себебін анықтамақ.

Игорь Гафтон, «ҚазАвтоЖол» мекемесінің Қарағанды облыстық филиалы директорының орынбасары:

– Біз бұл техниканы ұзақ күттік. Себебі ол республикада жалғыз. Георадар жолдың барлық қабатын сканерлеп, жарылу себебін анықтап береді. Содан кейін ғана қорытынды жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы