369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында электр желілері жаңғыртылуда

  • 81

Ақтөбе облысын электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған монополист кәсіпорын 8 бірдей стансаны қайта жаңғыртудан өткізді.

Одан бөлек, өткен 10 жылда 9 млрд теңгеге түрлі инвестициялық жоба іске асырылған. Ал биыл 1 млрд теңге қаржыны игеріп, желілер мен жабдықтар жаңғыртылып жатыр.

Облысты энергиямен қамтып отырған кәсіпорынға қарасты қосалқы стансалардың көбі өткен ғасырдың ортасында салынған. Қолданыстағы қондырғылар мен желінің 58 пайызы әбден ескірген. Сондықтан компания ұзақмерзімді инвестициялық бағдарлама жасап, стансаларды кезегімен жаңғыртып жатыр. Қазір қаладағы 17 бекеттің жартысынан астамы жаңғыртылды.

Нұрлан Болатбаев, облыстық монополияға қарсы департамент басшысының орынбасары:

– Бұл компания табиғи монополия нысаны болып табылады. Сәйкесінше, табиғи монополия заңына сәйкес реттеледі. Осылайша 2015 жылы бұл компанияға біздің біздің департамент ұзақмерзімді тариф бекіткен болатын. Яғни 2016 жылға өсім 4 пайызды құраса, 2017-2018 жылдары 2 пайыз бекітілген болатын. Жалпы бұл шекті тариф аясында энергия системада өссе де, ақырғы тұтынушылар үшін 2015 жылдан бері тариф өскен жоқ. Тек 2018 жылдан басап 10 пайыз өскен болатын.

Мына былтыр жаңғыртылған станция «Тұрғындар қалашығы» ауданындағы 27 мың пәтер мен мың жарым әлеуметтік нысанға электр қуатын береді. Маңызды нысанды жаңа қондырғылармен жабдықтау үшін 700 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды.

Марат Аманғалиев, кәсіпорын директорының міндетін атқарушы:

– 2017 жылы осы нысанды қайта жаңғыртып, жөндеттік. Кезінде мұның қуаты 16 мгвт болатын, бүгінгі таңда 25 мгвт көтердік. Осының есебінен қала орталығындағы «Сазды» қосалқы станциясы сол 80 пайызбен қамтымайды. Бүгінгі таңда станциялар ашылып жатыр. Сол қуатты босату үшін осы қосалқы стансаны салдық.

Қосалқы стансалар жаңғыртылғаннан кейін, ескі нысандардың жүктемесі азайып, желіде болатын апаттар жойыла бастады. 2016 жылдан бері кәсіпорын өз табысына 3 мың шақырымға жуық желіні жөндеген. Ал алдағы жоспар 750 шақырым желіні ауыстыру.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы