359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте корей тілін үйрететін білім орталығы ашылды

  • 83

Шымкенттің халқы енді кәріс тілін еркін меңгереді.

Осыған орай М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде арнайы оқу орталығы ашылды. «Седжонг» деп аталатын білім ұйымының ашылу салтанатына Оңтүстік Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик мырза қатысты. Бұл орталықта тек Кореядан келген педагогтар жұмыс істейді. Дәріс беріп, кәріс тілін үйретіп, мәдениеті мен дәстүрін дәріптейді. Жаңа жобаны Корея мемлекеті қаржыландырмақ.

Ким Дэсик, Оңтүстік Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі:

– Оқу мерзімі 1 жылды құрайды. Түлектің қолына тіл меңгергенін растайтын құжат беріледі. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің студенттері үшін мұнда білім алу – тегін. Ал өзге де тіл үйренуге құлықты қала тұрғындары мен қонақтары үшін ақылы. Бірақ бағасы қымбат емес, тиісті талапқа сай, қалтаға қонымды болмақ.

Хабар 24 телеарнасы