352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде заң мамандарының біліктілігін тексеретін бірыңғай орталық құрылады

  • 793
Елімізде заң мамандарының біліктілігін тексеретін бірыңғай орталық құрылады

Елімізде «нотариус», «адвокат», «сот сарапшысы» және «жеке сот орындаушы» сынды мамандардан сынақ қабылдап, біліктілігін растайтын бірыңғай орталық құрылуы мүмкін.

Жаңа мамандандырылған орган жұмысын қалыптастыру жайы бүгін елордада қазақстандық және шетелдік заңгерлердің қатысуымен өткен пікір алаңында қозғалды. Яғни басқосуға еліміздің әділет органдарына қатысты заңнаманы жан-жақты жетілдіру мәселесі арқау болды. Мәселен, бірыңғай орталықпен қоса, түрлі саладағы заңнаманы жетік білетін сарапшы-мамандардың мәліметтер базасын құру туралы бастама көтерілді.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрлігі:

– Әділет органдары туралы заңның қабылданғанына көп уақыт болды. Одан бері құжат бірнеше рет реформаланды. Қазір де осындай қажеттілік туындап отыр. Франция, АҚШ, Ұлыбритания сынды елдердің тәжірибесін ескеруіміз қажет. Алдағы 1 жарым немесе 2 жылда әділет органдарына қатысты жаңа заң жобасын таныстырамыз.

Ярослав Кривой, Британиялық халықаралық және салыстырмалы құқық институтының қызметкері:

– Соңғы 2 айдан бері қазақстандық сарапшылармен бірге әділет органын жетілдіруге қатысты ұсыныстарымызды әзірледік. Алдағы уақытта олар сала жұмысына енгізіліп, тәжірибеде қолданылады деген ойдамыз. Мәселен, жаңа өзгерістер Әділет министрлігі жүргізетін заңнамалық актілерді талқылау, оған қоғам мен бизнесті қатыстыру және электронды құжат алмасуға қатысты болады.

Хабар 24 телеарнасы