369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда дәстүрлі «Тіл жанашыры» сыйлығы табысталды

  • 89

Облыс әкімінің арнайы жүлдесі тіл саясатын жүзеге асыруға және мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан тұлғаларды қолдау мақсатында беріліп келеді.

7 жыл ішінде барлығы 279 адам құжат тапсырып, түрлі аталымдар бойынша сыйлықтарға ие болған. Ал биыл байқауға қатысуға 56 үміткер өтініш берген. Жеті адам үздік деп танылды. Байқаудың бас жүлдесі «Тіл майталманы» аталымының 1 миллион теңге сыйлығы белгілі журналист Әшімхан Жампейісовке бұйырды.

Әшімхан Жампейісов, журналист:

- Осы залда отырып сонау 1994 жылғы бір оқиға есіме түсіп отыр. Дәл осы залда облыстық қазақ тілі қоғамының төрағасы ретінде тілін қазақша ашқан жас балаларға 200 теңгеден сыйақы берген едік. Бір газет ашып, содан түскен пайданы үлестіргенім есімде. Міне сол жылдан бері қаншама уақыт өтті. Қазақ тілінің көкжиегі кеңейді. Ана тілімізді асқақтатып жүрген тіл жанашырларына әр кезде жеңіс тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы