369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыға онкологиялық науқастардың дәрі-дәрмегі жеткізілмей жатыр

  • 84

Ал қатерлі ісікке шалдыққан алматылық науқастар аса қажет дәріні зарығып күтіп жүр.

Жыл басынан бері химия терапия  дәрілері уақтылы жеткізілмей отыр. Себебі тендер кеш ұйымдастырылған екен. Егер елімізге дәрі-дәрмек жеткізетін компаниялар арасында тендер ертерек өткізіліп, тапсырыс алатын мекемелер тезірек белгілі болса, соғұрлым  жылдам жеткізіледі. Өйткені бұл дәрілер Еуропада тапсырыспен жасалады. Алматыдағы онкология орталығында ем алып жүрген науқастардың ұзын сонар кезегі сол ауадай қажет болып отырған дәріні күтуімен байланысты, дейді орталық басшылығы. Трастузума препаратын жеткізуге «СК фарм» компаниясы жауапты. Биыл жоспар бойынша Швецариядан химия терапияға пайдаланылатын 55 дәрінің түрін 2,5 млрд теңгеге сатып алу жоспарланған.  Алайда еліміздегі озық технология мен білікті мамандар жұмысын дәрі-дәрмектің уақытында жеткізілмеуі қиындатып тұр.

Людмила, науқас:

- Біз барлығымыз осы дәріні күтіп жүрміз. Біздің дәрігерлер де өте білікті,  шетелдік әріптестерінен кем емес. Бірақ өкініштісі  жеке меншік компаниялар тендрді дұрыс өткізбей, кесірі мыңдаған науқастардың сол дәріні зарығып күтуіне әкеліп отыр. Мен өзім 10 күннен бері тиісті емді ала алмай жүрмін. Маған қажет дәрінің бір ампуласы 350 мың теңге тұрады. Маған әр 20 күн сайын екі ампула яғни 700 мың теңгенің дәрісін егу керек. Менде ондай мүмкіндік жоқ. 

Нұрсұлтан Ізмағамбетов, қалалық онкология орталығының бас дәрігері:

- Онсыз әрі қарай емнің нәтижесін жақсы қабылдай алмайды. Мысалы, бір дәріні шығару үшін химия препараттарды зауыттарда  шетелдегі 4-6 ай уақыт керек. Енді мысалы, «СК Фармация» былтыр декабрьде тендр өткізді. Ол ұтып алған компаниялар тапсырыс береді. Олар 6 айдан кейін дайын болса ол жазға таяу алып келеді. Сонымен биыл осындай қиындықтар болды. Бәрі уақытында өтсе, онда январьдан бастап науқастарымыз ренжімейді бәрі уақытысында келеді.

Хабар 24 телеарнасы