352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудағы балабақшаларда бүлдіршіндердің смарт сағат тағуына тыйым салынды

  • 100

Ақтаудағы балабақшаларда сәбилердің смарт сағат тағуына тыйым салынды.

Бұл шешімге ата-аналар жазған арыз түрткі болған. Шағымда үш жастағы қыз баланың ақылды сағатына жиі алаңдайтыны айтылады. Дәріс немесе ойын кезінде мазасы болмайтын сәби осы топтағы өзге балалардың да тынышын алған. Бүгінде қалалық білім бөлімі әлгі бүлдіршіннің ата-анасымен сөйлесіп, мәселе оң шешімін тапты.

Айта кеткен жөн, заң бойынша ата-ананың перзентін басқа бөбекжайға ауыстыруына кедергі жоқ.

Бағдат Тұрғанбаева, қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Ол ата-анаға біз толыққанды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қазіргі таңда келісімге келдік. Ақтау қаласының білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілер мен оқушылардың смарт сағат тағуына тыйым салынды. Барлық білім беру ұйымдары 100% бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Егер баласының қауіпсіздігі үшін уайымдап, алаңдайтын болса, келісімшартынан бас тартып, жекеменшік болсын басқа білім беру ұйымына бере алады.

Хабар 24 телеарнасы