356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жолдар уақытылы салынбайды – Мәжіліс депутаттары

  • 45

Бүгін Мәжіліс депутаттары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысын талқылады.

Олар жаз бойы еліміздің барлық өңірлерін аралап, жол салу процесін қадағалады. Депутаттардың айтуынша, бірнеше аймақта олқылықтардың бар екені анықталды. Құрылысшылар қолдағы қаражатты тиімді пайдаланбайтын жағдайлар көп. Салдарынан жазда салынып бітуге тиіс жолдар бойынша жұмыс тек күзде ғана басталды. Сондай-ақ құрылысты бақылау деңгейі ақсап тұр. Осыған орай бүгінгі отырыста «Қазавтожол» компаниясының өкілдеріне тиісті ескертулер жасалды. Мекеме өкілдері болашақта бұл олқылықтарды жоюды уәде етті.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Кемшіліктерді қазір түзетпесек өте қиын болады. Баспасөзде  Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізінде Түркістан, Жамбыл облысында туннель туралы әңгіме болды. Бастапқы құны 2,8 млрд, қазір 8,5 млрд теңгеге дейін өсті. Басында болып қайттым. Бар болғаны 27 адам ғана істеп жатыр, қолыммен санап шықтым. Сіздердің есептеріңізде 100 адамнан істеп жатыр деп айтылады. Күз болса келіп қалды. Жаз кезінде істелмеген жұмыс енді қай кезде істеледі?

Хабар 24 телеарнасы