356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда әрбір төртінші адам сотқа жүгінеді

  • 90

Соңғы 5 жылда сот істері екі есеге көбейген екен.

Сот дауларының басым бөлігі неке бұзу, алимент өндіру, мүлікке талас сияқты отбасылық кикілжіңдерге байланысты туындайды. Өткен жылы Ақтөбе облысында 2 мыңға жуық отбасы бұзылған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Татуласу: сотқа дейін және сотта» жобасы осындай істерді медиация арқылы шешу жолдарын ұсынып отыр. Яғни арнайы татуласу орталықтарында білікті мамандар мен зиялы қауым өкілдері отбасыларына кеңес беріп, істің оң шешілуіне ықпал етпек.

Гүлнәр Боранбаева, «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының әкімшісі:

- Бізде заң бойынша бірнеше татуласу рәсімдері қарастырылған. Ол медиация, партисипативтік процедура дейді. Бұл екі жақтың адвокаттарының көмегімен өзара келісім жасау. Ал осы заңда көрсетілген сотсыз дауды реттеу тәсілдері дамымай жатыр. 2017 жылы қаралған істердің 5,5%-ы медиациямен аяқталған. Тек,0,1%-ы партисипативпен аякталған. Яғни, бүкіл қаралған істердің 5,6%-пайызы бойынша ғана сотта адамдар келісімге келген.

Хабар 24 телеарнасы