352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Г.Әбдіқалықова Қазақстан және Өзбекстан әйелдерінің бизнес-форумы жұмысына қатысты

  • 49
Г.Әбдіқалықова Қазақстан және Өзбекстан әйелдерінің бизнес-форумы жұмысына қатысты

Қазақстан мен Өзбекстанның қыз-келіншектері арасындағы іскерлік байланыстың жаңа дәуірі басталды.

Ташкентте өтіп жатқан қос ел әйелдерінің алғашқы бизнес форумын ашқан Гүлшара Әбдіқалықова осылай деді. Мемлекеттік хатшы біздің елдегі әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған мемлекеттік саясат туралы әңгімелеп берді. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы «Цифрлық Қазақстанның» жаңа мүмкіндіктеріне тоқталды. Елімізде шағын және орта бизнестегі әйелдер үлесі 43 пайыздан асқан. Жалпы ел экономикасын жетілдіру жолында әйелдердің үлес салмағы әлемде 30-орынға шыққанын атап өтті. Алқалы жиында қос елдің әйел-кәсіпкерлері жасаған инновациялық бизнес-жобалары таныстырылып, өзара тәжірибе алмасты.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

– Екі ел арасындағы бизнес форумдар кәсіпкер әйелдердің іскерлік байланысын жақсартуға жол ашады. Инклюзивті сауданы дамыту, оның ішінде цифрлы технологияға басымдық беру қажет. Бұл қос ел басшысының 2020 жылға дейін сауда айналымын 5 миллиард долларға жеткізу мақсатының орындалуына мүмкіндік береді. 

Еркінай Мамажанова, кәсіпкер:

– Бұл форум кәсіпкер әйелдердің жаңа әріптестер тауып, Қазақстан мен Өзбекстан бизнес өкілдері арасындағы байланысты жақсартып, тәжірибе алмасуымызға жол ашады. Бұл қос ел экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына негіз болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы