356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада теңге ілу және жамбы атудан ел мықтылары анықталады

  • 63

Сайыста «Ұлы дала рухы» фестивалінің аймақтық іріктеулерінен үздік шыққан командалар өзара бақ сынайды.

Финалдық жарыс Астана іргесіндегі «Қазанат» атшабарында өтіп жатыр.

Жарыстың басталғанына көп уақыт өткен жоқ. Сондықтан мынау мықты деп тон пішуге әлі ерте. Жалпы Жамбы ату бойынша ел чемпионы атануға Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Түркістан облысының мергендері таласып жатыр. Ал теңге ілуде Қарағанды, тағы да Шығыс Қазақстан Түкістан және Ақмола облысының өрендері өзара мықтыны анықтайды. Әр командада үш спортшыдан. Жеңімпаздар чемпиондық атақпен бірге ақшалай сыйлыққа ие болады.

Айта кетейік, «Ұлы дала рухы фестивалі» 2 жарым ай бұрын басталды. Соның аясында ұлттық спортымыздың сегіз түрінен төрт аймақта іріктеу кезеңдері өтті. Финалдық ойындар елордада кеше басталып асық ату және қазақ күресінің жеңімпаздары анықталды. Жарыстар 16-ына дейін жалғасады. Сол күні жалпы қорытынды шығарылып, жеңімпаздар марапатталады.

Хабар 24 телеарнасы