356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» Агенттігі мен Түркияның ТRT телерадиокорпорациясы арасында маңызды құжатқа қол қойылды

  • 605

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Анкараға ресми сапары аясында «Хабар» акционерлік қоғамы мен Түркияның ТRТ телерадиокорпорациясы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл құжат бейнеконтент алмасу, мамандарды оқыту мен тәжірибе алмасу саласында екі телеарна арасында серіктестікті нығайтуға бағытталған. Қазақстандық делегация үшін ТRТ телерадиокешенінде экскурсия ұйымдастырылып, телеарнаның мүмкіндіктері таныстырылды. Түркияның басты хабар таратушысы – ТRТ корпорациясы құрамына 10-нан астам халықаралық, республикалық, аймақтық телеарналар кіреді.

Алан Әжібаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:

– Бұл «Хабар» Агенттігі тарихындағы тағы бір ілгері қадам болған, ал ТRТ үшін ынтымақтастық аясының кеңейгенін білдіреді. Болашақта бірлесіп жаңа жобалар жасауымыз мүмкін, сондай-ақ сериалдар, деректі фильмдер және әлеуметтік бағдарламалармен де алмасамыз. Сол себептен мұны түрік әріптестерімізбен бірлігіміздің бастауы деп атауға болады. Біз осыған өте ризамыз және болашақта бұл өз жемісін беретініне үміттімін.

Хабар 24 телеарнасы