356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында 76 қап артемия шаяны тәркіленді

  • 125
Павлодар облысында 76 қап артемия шаяны тәркіленді

Павлодар облысында артемия шаянының 76 қабын тасымалдағандар ұсталды.

Өнімнің жалпы салмағы 400 келіден асады. Заңсыз әрекетке барғандар Ертіс ауданында полиция қызметкерлерінің арнайы рейді кезінде қолға түсті. Шара барысында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының 49 жастағы тұрғыны тізгіндеген «ГАЗ-53» маркалы автомашинасы тоқтатылды. Салонда тағы 19 жастағы Көкшетеу қаласының тұрғыны болған. Автомашинаның шанағын тексеру кезінде жағымсыз иісті 78 полиэтилен пакет табылды. Жүргізушіде жүкке арналған тиісті құжаттары да болмай шықты.

Азамат Исеев, облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі табиғат қорғау тобының инспекторы:

– ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз аулау бойынша» сотқа дейінгі тергеу басталды. Артемия салинаның Солтүстік Қазақстан облысының аумағында алынғаны расталса, істі әріптестерімізге жолдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы