352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Фируза Шарипова аз қамтылған отбасына автокөлік сыйлады

  • 79

Таразда «Туған жер» бағдарламасы аясында жарты млрд-тан астам теңгеге бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр.

Бұл қаражатты жергілікті кәсіпкерлер, белсенді азаматтар мен меценаттар өз қалтасынан шығарып, оған шаһарды көркейту, абаттандыру, қаланың инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Жамбылдық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова жерлестерінің бастамасын қолдап, әлеуметтік аз қамтылған отбасына су жаңа автокөлік сыйға тартты. Бұл шаңырақтағы 4 баланың екеуінің мүмкіндігі шектеулі. Отбасының жағдайымен танысқан спортшы қыз осылай жәрдем беруді жөн көрген.

Риза Сейілжанова, қала тұрғыны:

– Алғаш естіген кезде таң қалдық. Екі балам арнайы мектептерге барады. Қатынағанда қиын болатын. Қуаныштымын. Фирузаға рақмет!

Фируза Шарипова, әйелдер арасындағы кәсіпқой бокстан әлем чемпионы:

– Мұқтаж жандарға жәрдем беру – әрбір азаматтың парызы. Мен чемпион болмай тұрып та, балалар үйіне барып, түрлі тәттілер, шағын сыйлықтар жасайтынмын. Ал қазір осындай сый жасауға мүмкіндік туды. Бұл отбасында мүгедек екі бірдей бала бар. Оларды ауруханаға жеткізу қиынға соғады екен. Қайырымдылықты жиі жасаған жөн деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы