356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1 ғана адам баспаналы болған

  • 95

Солтүстік Қазақстан облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1 ғана адам үй алған.

Банк қызметкерлерінің айтуынша, тұрғындардан өтініш бар, бірақ оларға беретін баспана жоқ. Өйткені, өңірде төмен пайызды несиеге арналған пәтерлер саусақпен санарлық екен.

«7-20-25» – үйсіздердің үміт отын жаққан бағдарлама. Бүгінгі таңда оның игілігін 1 жарым мың қазақстандық көріп, баспаналы болды. Соның біреуі ғана – Петропавл тұрғыны.

Диас Мэлс, ҚР Ұлттық банкі СҚФ директоры:

– Басты себебі – бағдарлама бойынша тұрғын үйлердің жоқтығы. Біздің өңірімізде үйлер салынуда. Бірақ айтып тұрғанымдай, осы бағдарлама бойынша үйдің аздығы өтініштердің болмауына әкеліп тұр.

Биыл Петропавлда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1 мың 200 пәтер пайдалануға беріледі. Бірақ оның бірде-біреуі «7-20-25» бағдарламасына келмейді. Оның шарттарын жеке құрылыс компаниялары ғана орындай алады.

Серік Мұхамедиев, облыстық құрылыс, сәулет басқармасының басшысы:

– Бүгінгі таңда қалада 2 ғана жеке құрылыс компаниясы бар. Әрине, олар сұранысты толық жаба алмайды. Менің ойымша, кәсіпкерлердің қызығушылығын «7-20-25» бағдарламасы арттырады.

Жеке құрылыс компанияларының үйіне екінің бірі көз тіге алмайды. Қазір олар салған пәтердің бір шаршы метрі – 220 мың теңге.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Twitter@91Aidarbek

– Биыл Петропавлда жеке құрылыс компанияларымен 1 ғана пайдалануға беріледі. Бұл – 71 пәтер. Соның жетеуі ғана «7-20-25» бағдарламасына легіп отыр. Бірақ олар да сатылып кетуі мүмкін. Өйткені кәсіпкерге қолма-қол ақша қажет.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, және Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы