356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 60 мың әскери қызметші баспанаға зәру

  • 95
Қазақстанда 60 мың әскери қызметші баспанаға зәру

Әскери қызметкерлер пәтер сатып алу үшін тұрғын үй төлемдерін тек бір-ақ рет пайдаланады.

Бұл қаражат отбасы мүшелерінің санына байланысты беріледі. Яғни отбасындағы адам саны неғұрлым көп болса, соғұрлым кең баспанаға қол жеткізеді. Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззәт Ибрагимованың айтуынша, елімізде 60 мың әскери қызметші баспанаға зәру. Соның 84-і «Әскери баспана» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы арқылы үйлі болды. Қазір банкте тағы 300-ге жуық өтініш қарастырылып жатыр. Әскерилерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты заңнама жыл басында күшіне енген болатын. Ол бойынша сала мамандары тұрғын үй төлемдеріне берілетін өтемақыны осы банк арқылы ғана пайдалана алады. Бағдарламаның бірінші кезеңінде 6 мың отбасы қоныс тойын тойламақ.

Ләззат Ибрагимова, «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы:

– Несие беру ашық жүрсін деп, арнайы ұпай жүйесін енгіздік. Негізгі көрсеткіш – үміткердің әскердегі қызмет атқарған мерзімі. Бір ай арасында банк әскери қызметшілерден өтініш қабылдады. Банк займның үш түрін ұсынады.

Хабар 24 телеарнасы