356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда 32 науқастың өміріне қауіп төндірген мәселе шешімін тапты

  • 122

Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға аса қажет дәрі-дәрмектің уақытында жеткізілмей отырғаны туралы айтылған еді.

Бүгін осы мәселеге орай өткен баспасөз мәслихатында дәрімен қамтамасыз етуге жауапты медициналық ұйымдардың өкілдері сүт безінің қатерлі ісігін емдеуде қолданатын герцептин препаратының тапшылығы жақын арада шешілетінін айтты. Мамандар мәселенің ушығуын сүт безі қатерлі ісігінің 5 пайызға өсуімен байланыстырып отыр. Бүгінгі таңда Алматыда осындай диагноз қойылған 5426 әйел бар. Биыл диагностикадан кейін онкологиялық аурудың бұл түрі тағы 406 әйелден табылған. Емнің толық курсын алу үшін әр науқасқа 18 құты герцептин керек. Ал оның бір данасы 300 мың теңге тұрады. Онкологиялық науқастарға аталған дәрі тегін беріледі. Туындаған тапшылық 32 науқастың өміріне қауіп төндірген. Мәселені шешу үшін мамандар қажетті препаратты қызылордалық әріптестерінен қарызға алған. СК-Фармация өкілінің айтуынша, герцептин препараты Алматыға 20 қыркүйекте жеткізіледі.

Нұржан Исабеков, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Дәрінің бір түрі бойынша кеше сын айтылды. Негізгі сондай халге жетуінің бірінші себебі – Алматы қаласында аурулардың санының көбеюі. Және де ол мәселе қазіргі уақытта шешіліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы