352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда ТМД жастарының форумы салтанатты түрде ашылды

  • 120
Алматыда ТМД жастарының форумы салтанатты түрде ашылды

Екі күннен бері Алматыда 7 мемлекеттен келген 100-ге жуық білімді, белсенді жастар «Жол картасы» бағдарламасы бойынша өздерінің авторлық жобалары мен жаңалықтары жөнінде пікір алмасуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шарада волонтерлар жұмысы, туризмді дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы әлеуметтік жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жастар саясатының басты ұстанымы жақсы білім алып, қоғам дамуына айтулы үлес қосатын маман болу екені де айтылды. Қазір елімізде цифрландыру мәселесі өзекті, сондықтан барлық салада ІТ мамандар қажет. Ал жастар арасында заманауи техниканың көмегімен жаңа бағдарламалар жасап жатқандар көп.

Фарида Аскерзаде, форумға қатысушы, әлеуметтік кәсіпкер /Әзербайжан/

– Мұндай жиындар жастардың бірлесіп, ортақ жобаларды жүзеге асыруына ықпал етеді деп ойлаймын. Мәселен, стартап жобаларға бюджеттен қаржы бөлу мәселесі немесе қалай инвесторларды тартуға болады? Біз жастар ел экономикасын алға жылжытатын қозғаушы күш бола алатынымызды ісімізбен дәлелдеуіміз керек.  

Мұхамеджан Болысбек, форум делегаты:

– Жас көшбасшылар өздерінің елдеріндегі кәсіпкерлікке, еріктілер қозғалысына байланысты, ақпарат толқынындағы жаңа технологиялар, сонымен қатар туризм мәселелері бойынша тәжірибелерімен осы алаңда бөлісіп отыр. Біз үшін бұл тәжірибе үлкен нәтиже береді.

Хабар 24 телеарнасы