352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кәсіпкерлердің қант тапшылығы туралы болжамы расталмады

  • 73
Кәсіпкерлердің қант тапшылығы туралы болжамы расталмады

Қазақстанда қант қоры жеткілікті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Еске салайық, кәсіпкерлер қанттың тапшылығы сезілуі мүмкін деген болжам жасаған еді. Министрлік берген ақпаратқа сүйенсек, жыл басынан бері елімізде 138 мың тонна қант өндіріліп, тағы 121 мың тоннасы импортталды. Мамандар өңірлерде қант қоры жеткілікті дегенді алға тартады. Оның үстіне жиын-терім науқаны әлі де жүріп жатыр, демек шикізат жеткілікті.  Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда қант пен оның шикізатын импорттауға еш шектеу қойылмаған. Қант өндірушілеріміз 2010 жылдан бері Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында шикізатты баж салығынсыз алып келген, ағымдағы жылдың 27 шілдесінен бастап, аталған жеңілдіктер алынып тасталды. Дегенмен, бұл жағдай қанттың бағасы қымбаттап, тапшылық тууына негіз емес.

Хабар 24 телеарнасы