352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада бейнекамерамен 53 қылмыс ашылды

  • 50

Соңғы 8 айда қызылордалық полицейлер бақылау камераларының көмегімен 53 қылмыстың ізін суытпай ашып, 13 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзу дерегін тіркеді.

Бүгінде облыс орталығында 272 бейнекамера бар. Ал қалалық ішкі істер бөлімін цифрландыру шарасы 2006 жылы басталған. Сол уақытта қалада бар-жоғы 16 бақылау құрылғысы болатын. Ал келесі жылы қала көшелеріндегі ақылды технологиялар еселеп артады. Ол үшін тағы 1 мың 400 дана бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр. Мамандардың мәліметіне сүйенсек, жедел басқару орталығына биыл 146 мың шақырту түскен.

Талғат Лекеров, қалалық ІІБ жедел басқару орталығының басшысы:

- Күнделікті 8 бейнебақылаушы түседі, олар, әрқайсысына өздеріне бекітілген камералары бар. Сол камера бойынша қызмет атқарады. Өздері анықтаған құқық бұзушылық бойынша бағыт-бағдар береді. Бағыт-бағдар бойынша бекеттер барады. Учаске инспекторлары барады, полиция қызметкерлері барады. Солар дер кезінде барып, шарасын көреді.

Хабар 24 телеарнасы