352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда ана мен бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • 96

Атыраудағы перзентханада көз жұмған ана мен бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

25 жастағы аяғы ауыр әйел облыстық перзентханаға ауыр жағдайда түскен. Жүктілік уақыты 38-39 аптаға жеткен келіншек жансақтау бөліміне жедел жеткізілгенімен, жүргізілген ем-домдық шараларға қарамастан аурухана төсегінде қайтыс болды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, қызметтік тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы