356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайлық шаруаларға 29 млрд теңге субсидия бөлінді

  • 66

Үкіметтің агросекторды дамытуға қатысты шарасын аймақтардағы шаруалар да қуана қолдап отыр.

Себебі валюталық несиені қайта қаржыландыру, төлем мерзімін ұзарту сияқты жұмыстар негізінде алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін және экспорт көлемін 2,5 есеге арттыру көзделіп отыр. Ал биыл қостанайлық шаруаларға субсидия есебінде 29 миллиард теңге бөлінді.

«Енді несиенің қолжетімділігін қамтамасыз етсе, айтарлықтай көмек болар еді», - дейді мамандар.  

Қайыр Айсин, облыстық кәсіпкерлер палатасының АӨК бөлімінің басшысы:

Негізінен шаруалар  жанар-жағармай, тұқым алу үшін көктемде 15-18 үстеме пайызбен қарыз ақша алады. Оның 10%-ын мемлекет субсидиялайды. Енді Үкімет қосымша ресурстарды тартып, ауылшаруашылығы туарын өндірушілерге екінші денгейлі банктерден жеңілдікпен несие алатындай мүмкіндік жасаса, бұл дегеніңіз үлкен көмек.

Хабар 24 телеарнасы