352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аграрлық секторды дамытуға қосымша қаржы бөлінеді

  • 59

Қойнауы құтқа толы қазақ даласының астығы да аста-төк.

Жыл сайын орылған өнім қамбаға сыймай жатады. Алайда агросектордағы экспорт көлемін ұлғайту қиынға соғып барады. Себебі бәсекелестік пен сыртқы факторларға төтеп беру оңай болмай тұр. Осыны ескерген Үкімет тығырықтан шығар жол ұсынды. Дәлірек айтқанда  Ұлттық банкпен бірлесіп, еліміздің агро секторын дамыту үшін қосымша қаржы бөлмекші. Қажетті қаражат «Цесна банктен» алынады. Олар 450 млрд теңге несие бөлмек. Мұндай шешім – еліміздің астық экспортын алдағы бес жылда 2,5 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді деген жоспар бар. Сондай-ақ тұралап қалған агроөнеркәсіптік сектордың тамырына қан жүгіртеді, несие беретін қаржылық ұйымның әлеуетін арттырады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы