356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жемқорлықпен күрес мақсатында бірқатар салаға қоғамдық бақылау орнатылмақ

  • 113
Жемқорлықпен күрес мақсатында бірқатар салаға қоғамдық бақылау орнатылмақ

Елдегі сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы әзірленуде.

Бұл бастама арқылы бірқатар салаға қоғамдық бақылау орнатылмақ. Әсіресе тұрғындар әлеуметтік нысандар мен жол, су жүйелерінің құрылыс сапасын қадағалап, өз ұсыныстарын беру мүмкіндігіне ие болады. Оны үш түрлі тәсілмен жүргізеді. Бірінші, әлеуметтік желілер мен телефон байланысының мүмкіндіктері пайдаланылады. Бұл үшін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және аумақтық департаментерінің мессенджерлері мен аккаунттары, сонымен қатар call-орталығын кеңінен қолдану жоспарда бар. Екінші жолы – азаматтарға арналған «Қамқор» мобильді қосымшасы арқылы жүргізу. Үшінші тәсіл, аудандарда құрылған арнайы мониторингтік топтар арқылы жүргізілетін болады. «Бұл ретте тұрғындар тарапынан жолданатын арыз-шағымдармен бірге нақты дәлел ретінде фотосуреттер мен бейнематериалдар да қабылданады», – дейді мамандар.

Арман Бердалин, ҚР МҚІСЖҚІА департамент директоры:

– Жемқорлықпен қоғам болып күресеміз. Қазіргі таңда Қазақстанның түкпір-түкпірінен осы жоба бойынша ауыл, аудан тұрғындары өздерінің ұсыныстарын, арыздарын, өтініштерін айтып жатыр. Келіп түскен өтініштердің бірі де аяқ асты қалмайды. Міндетті түрде қаралып, соған тиісті жауаптар қайтарылып отырады.

Хабар 24 телеарнасы