352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Заманай мен Аманай» ағылшын тіліне аударылды

  • 132
«Заманай мен Аманай» ағылшын тіліне аударылды

Аты аңызға айналған Сәкен серінің, көрнекті жазушы Сәкен Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» атты шығармасы ағылшын тіліне аударылды.

Көкшетауда өткен кітаптың тұсаукесеріне жазушының қызы мен қарындасы, туындыны тәржімалаған аудармашылар мен Ақмола өңірінің қоғам қайраткерлері жиналды. Мамандардың айтуынша, кітап халықаралық қазақ PEN клубының мұрындық болуымен Ұлыбританияның Лондон қаласында аударылып, сонда басып шығарылған. Аудармаға жарты жылдан астам уақыт кетіпті. Қазірдің өзінде аталған туынды Аmazon.com интернет-дүкенінде сатылып жатыр. Бұдан бөлек, әлемдік кітапханаларға қойылып, жәрмеңкелерде дүние жүзі халқының назарына ұсынылады. Айта кетейін, «Заманай мен Аманай» повесінде қазақ халқының 1930 жылдардағы көрген нәубеті баяндалған. Жалпы соңғы жылдары қазақ шығармаларын ағылшын тіліне аудару ісі кеңінен қанат жайып келеді.

Бигелді Ғабдуллин, халықаралық қазақ PEN клубының президенті:

– Осы 4 жылдың ішінде біз қазақ PEN клубы ағылшын тіліне Мұқағалидың, Бердібек Соқпақпаевтың, Әбіш Кекілбаевтың, Смағұл Елеубек, Олжас Сүлейменов, Оралхан Бөкей, Әуезовтің шығармаларын аудардық. Қанша кітаптар аударылды.

Саймон Гейган, аудармашы:

– Барлық аудармалар біз үшін аса бір қиындық тудыра қойған жоқ. Мұхтар Әуезов болсын, Сәкен Жүнісов болсын, олар – мықты жазушылар. Ал ондай жазушылардың шығармасын аудару біз үшін қиын емес. Себебі кейіпкерлер мен картина анық суреттелген. Ал түсінбеген сөздерімізді қазақстандық әріптестерімізден сұрап отырдық.

Хабар 24 телеарнасы