356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Төле би ауданындағы жиһаз шығаратын цех өнім түрлерін көбейтпек

  • 127

Түркістан облысының Төле би ауданындағы жиһаз шығаратын цех өнім түрлерін көбейтпек.

Мәселен, бұған дейін тек орындық шығарумен айналысып келген кәсіпорын енді 16-24 орындықты стол жасауды жоспарлап отыр. Күніне 50 адам жұмыс істейтін цехта тәулігіне 100-150 дана орындық шығарылады.

Орындық шығаратын мына цех 2015 жылы ашылған. Қытаймен бірлескен жобаның құны 100 млн теңге. Қазір мұнда 50 адам тұрақты жұмыс істейді. Олар тәулігіне 100-150 дана дайын өнім шығарады. Алғашында орындықты дайын өңделген ағаштардан құрастыратын болса, қазір барлығын өздері өңдеп, осында жасайды. Тіпті орындықтардың арқалығындағы ою-өрнектер де дәл осы цехта ойылады. Мұрат Молдажан – зауыттың ардагер жұмысшысы. Оның міндеті орындықтардың түсіне қарай мата таңдап, қаттап беру. Өз жұмысына көңілі толатынын айтады.

Мұрат Молдажан, цех жұмысшысы:

Тапсырыс берушілердің талабы бойынша маталар әртүрлі болады. Негізінен Қытайдан келеді. Столдардың түр-түсі мен тапсырыс берушілердің сұрауы бойынша түрлі маталар пайдаланылады.

Италия мен Беларусьтің жиһаздарынан еш кем емес, әрі көздің жауын алатын мына орындықтар Қазақстанда жасалған. Орындықтың сапасы мықты болу үшін ағашын еліміздің солтүстік өңірлері мен Ресейден алдырады. Ал станоктар Қытайдан келген.

Жұмат Жылқыбаев, кәсіпкер:

- 12 станок келді, сонымен бірге Қытайдан 12 азамат келді. Олар біздің азаматтарға 2-3 ай бойы үйретіп, қайтадан өз елдеріне кетті. Қазір өзіміздің азаматтар жұмыс істеп жатыр. Шикізаттық өнімдерді көбінде Ресейден аламыз. Сапасы жақсы болу үшін тек аққайыңнан жасалады.

Орындықтардың нарықтағы бағасы 10-12 мың теңге. Бағасы қолайлы болғандықтан сұраныс та артқан. Мәселен айына 4-4,5 мың дана дайын өнім еліміздің барлық өңірлеріне жіберіледі. Қазір 16-24 орындықты столдар шығару қолға алынған. Цех басшылығы болашақта өнім көлемін арттырып, жиһаз түрін көбейтуді жоспарлап отыр.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы