352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда барлық Карлаг құжаттарының электрондық нұсқасы жасалмақ

  • 69

Игі жұмыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

Ол үшін Шахтинск қаласындағы кітапхана ұжымы заманауи сканер сатып алған. Әмбебап қондырғы әбден көнерген қағаздың көшірмесін оп-оңай жасай алады екен. Ең бастысы, құнды құжатты құртпайды. Мәселен бір бетті сканерлеу үшін 3 секунд жетіп жатыр. Мамандар жыл соңына дейін 400-ге жуық кітап, газет пен қолжазбалардың көшірмесін жасауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар кітапхана қорындағы сирек кездесетін көне кітаптардың да электрондық нұсқасы әзірленеді.

Жанар Қалиева, кітапхана қызметкері:

- Бұл сканердің арқасында біз сандық форматтағы «Карлаг» бағдарламасы бойынша 400 құжатты сканерлеп, интернет қолданушыларымыз сол ақпараттың барлығын оңай ала алады. Осы бізге үлкен мүмкіндік беріп тұр бүгінгі таңда.

Хабар 24 телеарнасы