352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудағы Каспий жағалауында жаз бойы 110 мың адам демалады

  • 73

Ақтауда шомылу маусымы аяқталды.

Биыл теңізге түсушілердің қатары өткен жылға қарағанда, 15%-ға артқан. Жаз бойы Каспий жағалауында 110 мың адам демалыпты. Оның 10%-ы шетелдіктер, қалғаны өзге аймақтардан келген ел азаматтары. Туристерге жайлы демалыс ұйымдастыру үшін өңір басшылары бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Каспийдің мөлдір суы мен жұмсақ құмы қолжетімді болу үшін жаңа жағажайлар салынды. Жалпы 45 шақырымға созылып жатқан теңіз жағалауында 18 демалыс орны халыққа қызмет етті. Сонымен қатар ұзындығы 3500 шақырымды құрайтын жағалау абаттандырылып, халық игілігіне берілді. Мұнда 25 мыңдай адам тамашалай алатын ұзындығы 74, биіктігі 10 метр болатын амфитеатр салынды. 19 бағанадан тұратын дала сахнасында бір мезетте мың өнерпаз өнер көрсете алады.

Демеуғали Бақов, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

- Біз біраз жұмыстар атқардық. Яғни 15-шағынауданнан жаңа жағажай ашылды. Содан кейін 4-шағынауданнан Скальная трапа дейміз, жартас жолдары, сол ашылып, қазіргі таңда осы жұмыстар атқарылды. Одан бөлек, туристерді тарту үшін бізде 18 демалыс орындары бар. Соларға тегін автобустар ұйымдастырылды. Барып демалдырып, қайтіп алып келетіндей.

Хабар 24 телеарнасы