352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде зираттар қараусыз жатыр

  • 95

Өткен жылы сенімгерлік басқаруға алған мекеме қорымдардың тазалығына енжар қарайды.

Облыс орталығындағы ескі зиратты биыл өрт шалып, 500 гектар жер өртеніп кеткен. Ал үйілген қоқыстан аяқ алып жүру мүмкін емес.

Ақтөбенің ескі бөлігіндегі бұл қорымда халық ақыны Нұрпейіс Байғанин жерленген. Абырой болғанда, барлық аумақты алған жалын белгілі тұлғаның зиратын айналып өтіпті.

Алөзге зираттардың басым көпшілігі оттың құшағында қалып, қара күйеден күйіп кеткен. Ағаштан қойылған белгілері өртеніп, басындағы ескерткіштері құлаған.

Евгений Боль, қала тұрғыны:

- Зират басындағы жасанды гүлдердің барлығы балқып, көк шөптің барлығы өртеніп кеткен. Бұл жерде 3-4 күн бұрын өрт болды.

Юлия Боль, қала тұрғыны:

- Бұл жер ешқашан тазаланған емес. Бірақ мұндай өрт бірінші рет болып тұр. Қабір айналасындағы қоқысты өзіміз тазалаймыз. Бір жерге жинап, үйіп кетеміз. Бірақ ол шығарылмайды. Тәртіпті қадағалап отыратын адам болса.

Зираттардың тазалығына жауапты сенімгерлік басқаруға алған мердігер мекеме өкілі бұл қорымды «жылына бір рет тазартамыз» дейді. Жағалай басқан шөп өрттің шығуына себеп болды деп отыр.

Әнуар Қожанов, жерлеу қызметтері орталығының директоры:

- Қайтқан адамдардың жақындары зират айналасын тазартып, бір жерге үйеді. Ол қоқысты біз шығарамыз. Биыл сүт зауыты ауданы маңындағы зираттан 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Жалпы бұл қорым өте үлкен. Барлығын тазалауға мүмкіндік болмай тұр.

Зираттарды реттеуді мойнына алған мекеме 5 жылда қала маңындағы 50 қорымды қоршап, қоқыстан арылтуы тиіс. Сондай-ақ жерленген адамдардың электрондық тізімін жасауы керек. Бірақ сут зауыты аумағындағы бұл қорымның әлі күнге дейін есебі жүргізілмеген. Өткен ғасырдың 70-жылдары жабылғанына қарамастан бақилық болған жақындарын жерлейтіндер бүгін де кездеседі.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов, Гүлмира Досмұратова

Хабар 24 телеарнасы