352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда жазасын өтеушілер үшін қашықтан оқыту жобасы қолға алынды

  • 137

Оралдағы түзету мекемелерінде жазасын өтеушілер үшін қашықтан оқыту жобасы қолға алынды.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты департамент басшылығының сотталғандарды түрлі мамандықтарға оқыту туралы ұсынысы жергілікті технологиялық университет тарапынан қолдау тапты. Біренеше жыл бұрын мұндай мекемелерде ағаш ұстасы мен дәнекерлеуші мамандықтарына оқытатын колледж ашылған болатын. «Енді олар құқық пен экономика негіздерін онлайн жүйесі арқылы игеріп, бизнес жүргізудің қыр-сырын меңгеретін болады. Осы арқылы жаза басқан азаматтардың қайталап қылмыс жасауының алдын алуға мүмкіндік туады дейді», - жобаны іске асырушылар.

Әсел Мәмбетәлиева, жоба ұйымдастырушысы:

- Пилоттық жобада ұйымдастырылып отыр. Ол яғни мына оқытушылар тарапынан бас бостандығынан айырылушыларға психологиялық, педагогикалық тұрғыдан, сонымен қатар өздерінің бизнесін құруға, жеке тұлға ретінде өсіп-өнуіне бір көмек жасайтын жоба болып есептеледі. Соңғы технологияларды көрсете отырып, сабақтың соңында міндетті түрде сертификат беріледі.

Бағылан Ойықбаев, қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «РУ-170/2 мекемесі» департаменті басшысының орынбасары:

- Іштегі сотталғандар осы білімін дамыту, анықтама алу мақсатында, шыққан жағдайда қоғамға бейімделуге оңай болу мақсатында осындай іс-шаралар өткізіліп жатыр. Сотталғандар осы жерден босап шыққан жағдайда, мерзімінен бұрын босап шыққан жағдайда әрі қарай жұмысқа кіруге, қоғамға орналасып кетуіне үлкен әсері тиеді деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы