Шамалған станциясының маңында жаңа айналма жолдың құрылысы жүріп жатыр

Шамалған станциясының маңында жаңа айналма жолдың құрылысы жүріп жатыр

Жыл соңында Алматы – Нұр-Сұлтан бағытында жол жүретін жолаушылар Шамалған станциясының сыртымен өтетін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір елді мекенде айналма жолдың құрылысы жүріп жатыр. 5 шақырымнан асатын автомагистральға 15 млрд теңгеден аса қаржы бөлінген. Жауаптылар ауқымды жобаны биыл аяқтауды жоспарлап отыр. Сол арқылы пойыздың автобусқа соғылуынан қайғылы жағдай болған теміржол өткелінің жүктемесін азайту көзделген. Аймақтағы жол қозғалысын жақсарту үшін Тұрар, Қошмамбет, Ұлан, Шамалған, Көлащы ауылдарын байланыстыратын 6 шақырым жолға асфальт төселеді. Сонымен қатар Қаскелең қаласының Қарлығаш ықшамауданы тұрғындарының түйіткілді мәселесі оң шешімін табады.

Айбар Жақанбаев, Қарасай аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Бүгінгі күнге қазір 30-дан аса шақырымдай жоспарланып отыр. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге. Оның ішінде Қарлығаш ықшамауданының кірер және шығар жолын жөндеу жұмыстары сол жол жоспарланып, жобасы әзірленіп, мемлекет сараптама алып, қаражат бөлінді. Мемлекеттік конкурс өткізілуде. Бүгінгі күнге қорытындысы шығып, құрылыс монтаж жұмыстары 2021 жылы басталады.